• Тау-кен саласы: сынақтар мен мүмкіндіктер

  • Jun 3 2024
  • Duración: 1 h y 6 m
  • Podcast

Тау-кен саласы: сынақтар мен мүмкіндіктер

  • Resumen

  • Бүгінгі эпизодта тау-кен саласының ерекшелігі мен басты челлендждері туралы сөз қозғадық. Қазақстандағы пайдалы қазбаларды игерудің тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегі қандай? Шетел тәжірибесінен не үйренеміз? Елімізде тау-кен саласына заңнамалық және қаржылық қолдау қандай? Менделеев кестесіндегі элементтер көп кездесетін жеріміздің қанша пайызы зерттелді? Осы және өзге де тау-кен саласының өзекті мәселелеріне білікті маман, бизнес-сарапшы Қанат мырзамен бірге жауап іздеп көрдік.

    Подкаст қонағы:

    Қанат Құдайберген - тау-кен саласында 15 жылдан аса тәжірибесі бар білікті маман, бизнес-сарапшы, GreyWolf Management компаниясының бас директоры, Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің тең төрағасы

    Подкаст авторы:

    Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы

    Тайм-кодтар:

    02:14 Спикермен таныстыру

    03:37 Қазақстандағы тау-кен саласының қызметі мен тарихы

    06:45 Қор есебінің стандарттары және негізгі мәселелер

    08:12 Тәжікстанда бастан өткен тәжірибе туралы

    11:00 Канадалық инвесторлар келгенде неге таң қалды?

    14:33 Пайдалы қазбаларды зерттеу туралы статистика не дейді?

    17:31 Канаданың геологиялық зерттеу орталығының қызметі туралы

    19:14 Геологиялық ақпараттарды неге мемлекеттік құпияға кіргізеді?

    23:38 Координаттармен жұмыстың қиындықтары

    26:09 Пайдалы қазбаларды зерттеудің қаржылық менеджменті

    30:19 Шетелдік компаниялардың қор нарығына шығуы

    32:00 Қазақстан Австралия мен Канаданың деңгейіне жете алады

    35:00 Халықаралық тәжірибе – инвестициялық қорлардың қолдауы

    39:29 Мұнайдан қосымша шығатын металдарды игеру тәжірибесі

    43:11 Бізде неге ұлттық тестілеу орталығы жоқ?

    46:05 Ірі кәсіпорындардың тау-кен саласына елеулі әсері

    49:51 Мемлекеттік геологиялық зерттеу қызметі туралы

    52:59 Реформалар аяғына дейін жетуі қажет

    55:01 Сауд Арабиясы нарығының ерекшелігі қандай?

    57:22 Тау-кен саласындағы білім алу – Қазақстан мен шетелдік оқытудың ерекшеліктері 58:58 Білімді модернизациялау керек

    1:02:28 Бізде білікті мамандар бар, нарық та қалыптасып келе жатыр

    1:04:10 Батыс Қазақстанда метал шығаратын потенциал бар

    1:06:01 Қорытындылау – біз дамыған елдерден еш кем емеспіз

    Más Menos

Lo que los oyentes dicen sobre Тау-кен саласы: сынақтар мен мүмкіндіктер

Calificaciones medias de los clientes

Reseñas - Selecciona las pestañas a continuación para cambiar el origen de las reseñas.