• Мұнайгаз. Жасанды интеллект. Qaz GPT

  • May 27 2024
  • Duración: 1 h y 4 m
  • Podcast

Мұнайгаз. Жасанды интеллект. Qaz GPT

  • Resumen

  • Бүгінгі подкастта цифрландыру мен жасанды интеллекттің өміріміздегі орны туралы талқылаймыз. Қонағымыз - Олжас мырза мұнайгаз саласында бұрғылау, инженерия бағыттары бойынша көп жыл қызмет еткен, сонымен қатар халықаралық стандарттар, әкімшілік басқару және цифрландыру өнімдері бойынша тәжірибесі бар маман.

    Эпизодта процестерді қалай тиімді оңтайландыруға болады, қазіргі таңда мұнайгаз және басқа да өндіріс саласын қалай дамыту қажет, қазақ тілінде цифрландырудың келешегі қандай болмақ деген сияқты терең сұрақтарға жауап алдық.

    Түсірілім қонағы:

    Олжас Сүлейменов - Көпжылдық тәжірибесі бар мұнайгаз саласының маманы, ALDIS компаниясының директоры, QAZ GPT қазақ тіліндегі жасанды интеллект өнімін жасаушы

    Подкаст авторы:

    Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы

    Тайм-кодтар:

    2:26 Спикермен танысу

    4:10 Мұнайгаз саласындағы халықаралық стандар туралы

    8:10 КСРО жүйесінің және Қырғи қабақ соғысының мұнайгаз саласына әсері

    11:20 Компаниялардың халықаралық стандартқа өтуінің тиімді және тиімсіз тұстары

    15:45 Мұнай - біздің экономиканың драйвы

    18:23 Әлемдегі және еліміздегі электромобиль санының күрт өсу себептері

    26:07 Авиация және мұнай химиясының болашағы

    28:55 Мұнайгаз саласындағы цифрландырудың маңыздылығы

    33:37 Жасанды интеллект адамдардың орнын алмастыра алады ма?

    38:47 Қазақ тіліндегі жасанды интеллект өнімдері: QazGPT

    41:04 Қазақ тілін білсең, программалауды білесің

    45:25 Мемлекеттік жұмыстағы тәжірибе жайлы

    49:10 Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру тәсілдері

    52:28 Мемлекеттік қызметтің қиыншылықтары

    54:20 Күрделі мәселені тиімді шешу жолы - ашық талқылау

    58:43 Халықаралық стандарттармен емес, ескі тәсілмен жұмыс жасайтын адамдарға кеңес

    1:03:39 Қорытындылау

    Más Menos

Lo que los oyentes dicen sobre Мұнайгаз. Жасанды интеллект. Qaz GPT

Calificaciones medias de los clientes

Reseñas - Selecciona las pestañas a continuación para cambiar el origen de las reseñas.